Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

719

0

Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Әлібек Дінішев 1951 жылы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.


1970 жылы оны бітіргесін Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты.


Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы берілді.

Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<