Қызылорда облысы Арал ауданында заңсыз аңшы мылтықтарын тасымалдаған екі тұрғын анықталды.
Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Бекбауыл елді мекені аймағында “ВАЗ 2107” автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, 13 дана құс, 2 заңсыз аңшы мылтығы мен 25 дана оқ тəркіледі.
Оқиға орнында екі азамат анықталды. Олар еш жерде жұмыста жоқ аудан тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда құқық бұзушыларға катысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) хаттама толтырылып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<