Ардагерлер арасында халықаралық турнир өтуде

319

0

«Мұз айдыны» спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында он бірінші халықаралық турнир өтуде.

Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Байқоңыр қалаларынан және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан 12 команда, 50 жастан жоғары 120 ардагер қатысуда.

Турнирдің ашылу салтанатында облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, дипломат, Дінмұхамед Ахметұлының ең жақын інісі Олжас Сүлейменов жəне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев қатысып, командаларға сəттілік тіледі. 

Ертең 16 ақпан сағат 09.30-да жарыс басталады, 12.00-де ақтық ойын,
13.00-де жарыстың жабылу салтанаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<