«Арзан бағада кірпіш алып беремін»: Алаяқтық жасаған қызылордалық ұсталды

826

0

Қызылордада тұрғынды қыш кірпіштерін арзан бағада алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды.


54 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің “102” жедел арнасына жүгінді. Оның айтуынша, қазан айында бейтаныс азамат алдап, сеніміне кіріп, 4 мың күйдірілген кірпішті арзан бағада алып беремін деп 70 мың теңге қаражатын иемденген.


Қызылордалық полицейлердің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды, ол 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты.


Бүгінгі күні полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да алаяқтық қылмысына қатыстылығын тексеруде.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<