
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай бүгін аудандық тарихи-өлкетану музейінде Жалағаш ауданынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілген 2 тарих және мәдениет ескерткіштерін, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген 3 ескерткіш туралы материалдарды қамтитын «Қасиетті Қазақстан және археология» экспозициясының ашылу салтанаты өтті.