Астаналықтар Батырхан Шөкеновті еске алды

321

0

Қазақ-Ресей ән өнерінің шоқтығы биік жұлдызы Батырхан Шөкеновтің өмірден озғанына биыл 3 жыл. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Бірегей таланттың есімі ұмтылмақ емес. Жақсының аты әрдайым халықтың жадында! Оған дәлел, дәл қазір Астанада Батырды еске алу кеші өтіп жатыр. Қазақтың аймаңдайлы азаматы, əнші, композитор Батырхан Қамалұлына арналған кеш Арбатта өтті. Алаңға жүздеген адам келіп, танымал талантты еске алды. Шарада жергілікті музыканттар Батырдың репертуарынан əндер орындап, жиылған жұртшылықты тебірентті.

Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 28 сəуірінде Батырхан Шөкенов 53 жасына қараған шағында жүрегі тоқтап қайтыс болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<