АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП, АЛДАҒЫ МІНДЕТ АУҚЫМДЫ

419

0

  Өткен жылға өкпе жоқ, өнеге көп. Облыс әкімінің 2018 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде берген есепті кездесуінен осыны түйдім. Қай салаға қарасаңыз да, қай­тарымды еңбекті бай­қайсыз. Білім, денсаулық, спорт, мәдениет салаларында жыл жемісі жетерлік. Шынында, жүйелі жұмыстар жиынтығы әрбір салаға тән әлеуетті бай­қатады. Істің ілгері басып, өрістің кеңейгенін көрсетеді.

Сыр елі – жыр елі ғана емес, ұлттық руханияттың, ұлттық салт-дәстүрдің қайнар көзі. Облыс басшысы осы қазақылық қасиетімізбен өзгелерге үлгі-өнеге болуға тиіс екендігімізге де тоқталды. Жастарға патриоттық тәрбие мен сапалы білім беру жолында талмай еңбектенуге шақырды. Алдағы уақытта біз бұл бағыттағы жұмысты қарқындатып, жаңа міндеттерді іске асыруға, жаңашылдықтар енгізуге күш салатын боламыз.

Изатулла НАРЗИЛДАЕВ,

«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<