Ауданда оң өзгеріс бар

256

0

       Қармақшы ауданының басты жаңалығының бірі – Жосалы кентін газдандыру жобасы. 2017 жылы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральді газ құбырының 14,5 шақырымы мен АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы басталған болатын. Бүгінде мұндай ауқымды құрылыс аяқталып пайдалануға берілді. Бұрын Байқоңыр қаласы газға қосылса, енді кенттің шығыс жақ бетінің тұрғындары алғаш болып “көгілдір отын” игілігін көрмек.

       Ауданда ауқымды жұмыстар атқарлып жатыр. Оны өзіміз көріп келеміз. Баспана-бүгінгі қоғамның басты мәселе. Халықтың қуанышын еселеген тағы бір жай биыл  Байқоңырда “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50 пәтерлік 5 тұрғын үй 250 азаматқа табысталмақ.  Бұл аудан үшін үлкен жетістік. Балалар демалатын лагерьдің қолға алынуда игі бастама. Ел игілігі үшін жасалып жатқан мұндай дүниелер әрбірімізді қуантып, жақсы серпін береді.

Ағайша НҰРҒАЛИЕВА,

Қармақшы ауданы тұрғыны.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<