
Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату, ауыл мектебіне әдістемелік және материалдық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған игі іске НЗМ-нің директоры Б.Жұматай қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен бірге, «Ұлы дала ұлағаттары» оқу бұрышының ашылуында білім саласының ардагері, «Сырдария ауданының құрметті азаматы» Ұ.Жаналиева, О.Мәлібаев мөлтекауданы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жүсіпбайұлы жылы лебіздерін білдірді.
Акция барысында орта мектеп кітапханасында 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Литературный джем», «Book Bingo», «Book Taste» активиті өткізіліп, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жарқын болашаққа – кемел біліммен» тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынды.
Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Б.Ділманов, К.Әбдіраманова, Е.Оспанов «Сабақты тиімді жоспарлау», «Критериальды бағалау жүйесі» тақырыптарында әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен бірге, педогогикалық шеберлік орталығының басшысы С.Камалова өз тәжірибесімен бөлісті.
Акция соңында «Химия-биологиялық бағыттағы НЗМ-і», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы мен №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.