Ауыз судан инфекциялық аурулар тіркелген жоқ

399

0

Соңғы уақытта Қызылорда облысында ауыз су жүйелері жаңғыртылып,өңір халқының 97,5 пайызы орталықтандырылған ауыз жүйесін пайдаланады. Нәтижесінде бүгінгі күні ауыз су факторымен байланысты инфекциялық аурулар тіркелген жоқ дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.


Өткен 2020 жылы департамент қызметкерлері 87 сумен жабдықтау объектісіне ерекше тәртіп бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізген. Орталықтандырылған су жүйесінен 2024 сынама алынып, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді. Оның 233-і немесе 11,5% органолептикалық көрсеткіштер бойынша (құрғақ қалдықтар, хлоридтер, жалпы қаттылық) сәйкес келмеді.

Ал микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 2223 зерттеу жүргізіліп, 80-нен немесе 3,5%-нен сәйкессіздік анықталған. Лямблия цисталарына 130 зерттеу жүргізіліп, сәйкессіздіктер тіркелген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз