Аймақ басшысы Арыс қаласында болды

404

0

Арыста апаттан зардап шеккендерге еліміздің әр аймағы көмек көрсетіп жатыр. Біздің облысқа тиесілі 14 көше белгіленіп, ондағы 254 жеке үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан есепке алынған еді. Өткен айдың 28-30 маусым аралығында құрамында мемлекеттік органдар, құрылыс, жобалау, техникалық қадағалаушы мамандары бар 66 адамнан тұратын арнайы топ белгіленген аумақтағы үйлер мен ғимараттардың жағда­йына қатысты зардап шығындарын анықтаған. Осыған орай, кеше облыс басшысы Қуанышбек Ысқақов тұрғын үй нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын бақылау мақсатында Арыс қаласында болды.

Ал осы ай басталғалы үйлердің есік-терезелерін және ша­тырларын ауыстыру басталып, құрылыс-монтаж жұмыс­тары белгіленген жоспарға сәйкес тиісті деңгейде атқарылуда. Бүгінгі күні 9 үй толық жөнделіп, 74 үйде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі Қуанышбек Ыс­қақов Арыс қаласында біз­дің аймаққа бөлінген нысандарды жөндеу жұмыстары туралы журналистерге сұхбат берді.

– Арыс қаласындағы төтенше және қайғылы жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, қазақ халқы қиын сәтте әрқашан бір-біріне қолдау көрсеткен. Қайғылы хабарды естігенде Сыр өңірінің тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолдан келгенін  аяған жоқ. Алғашқы күннен бастап қызылордалықтар арнайы қорға ақша аударып, гуманитарлық көмек жинауға кірісті. Сондай-ақ, үй­лерді қалпына келтіруге облыстан еріктілерден құралған ар­найы топ келіп жұмыс істеді. Ал зақымданған үйлерді жөндеу үшін облыстың 20 құрылыс ком­паниясы төрт топқа бөлінді. Қазір 96 жұмысшы жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жос­парға сәйкес шілде айының со­ңы­на дейін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Жалпы оқиға болған сәттен бастап Арыс қаласының тұрғындарына облыстан 38 тоннадан астам гу­манитарлық көмек, яғни киім-кешек, азық-түлік және т.б. тұрмыстық заттар жіберілді –  деді аймақ басшысы.

– Арыс қаласындағы төтенше және қайғылы жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, қазақ халқы қиын сәтте әрқашан бір-біріне қолдау көрсеткен. Қайғылы хабарды естігенде Сыр өңірінің тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолдан келгенін  аяған жоқ. Алғашқы күннен бастап қызылордалықтар арнайы қорға ақша аударып, гуманитарлық көмек жинауға кірісті. Сондай-ақ, үйлерді қалпына келтіруге облыстан еріктілерден құралған арнайы топ келіп жұмыс істеді. Ал зақымданған үйлерді жөндеу үшін облыстың 20 құрылыс компаниясы төрт топқа бөлінді. Қазір 96 жұмысшы жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жоспарға сәйкес шілде айының соңына дейін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Жалпы оқиға болған сәттен бастап Арыс қаласының тұрғындарына облыстан 38 тоннадан астам гуманитарлық көмек, яғни киім-кешек, азық-түлік және басқа да тұрмыстық заттар жіберілді, –  деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, жоғарыда айтылған 5 әлеуметтік бағыттағы және 10 коммерциялық нысанның жөндеу жұмыстары ірі құрылыс компанияларына бекітілген. Сонымен қатар, бір тұрғын үйді бұзу, тегістеу жұмыстары атқарылды.

Жұмабек Бердімұратов – Арыс қаласының байырғы тұрғыны. Кешегі апат салдарынан үйі жарамсыз болып қалған.

– Таңертең болған жағдай ғой бұл. Өзім жұмыста едім. Оқиғаны естіген соң бірден үйдегілерге қоңырау шалып, құжаттарымызды жинап, елмен бірге қала сыртына аттандық. Сағат оннан өте үйге снаряд түсіп, өртеніп жатқанын көршім хабарлады. Болған іс болды. Бастысы, бәріміз аман қалдық. Құдайға шүкір, мұндайда көмек қолын созған халыққа риза боласың. Барлығы бірліктің арқасы. Құлаған үй мен сынған дүниені қалпына келтіруде атсалысып жатқан ел азаматтарына алғысым шексіз. Әсіресе, Сыр елінен келген құрылысшы жігіттерге ағалық рахметімді айтқым келеді. Бұйырса, он күн шамасында өз үйімізге кіреміз деген қуаныш бар, – дейді арыстық Жұмабек аға.

Айта кету керек, бұған дейін аймақтағы мемлекеттік қызметшілер, бюджеттен қаржы­лан­дырылатын мекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай  көмегін көрсетті. Ал Сыр жастары атынан 50 жас ерікті көмек көрсетуге келіп, олар екі күн бойы үйлерді қалпына келтіруге жәрдемдескен. Өткен 3-ші шілде күні олардың қатарына тағы 50 ерікті келіп қосылды.

Тағы бір қуанышты жаңалық, үстіміздегі жылдың 9-18 тамыз аралығында Арыс қала­сынан 150 бала облыстық білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында» тегін демалады деп жоспарлануда. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылмақ.

Облыста қабылдау пункттері де жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, шілде айында барлық бюджеттік мекеме қызметкерлері арыстықтарға тағы да бір күндік жалақыларын аудармақ ниетте.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыс әкімі Түркістандағы Шығыс моншасының құрылысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, аталған нысан құрылысы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы аясында жүргізілуде. Елбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларына жаңа аймаққа әлеуметтік-мәдени нысандарды салып беру туралы тапсырма берген еді.

Ержан ҚОЖАС,

Суреттерді түсіргендер

Б.Есжанов, 

Н.Нұржаубай.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<