АЙМАҚ ТІРШІЛІГІНІҢ ӨРЛЕУІ – КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ АЙҒАҒЫ

56

0

Біздің облысымыз кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша республиканың алдыңғы қатарында тұр. Мұның жарқын мысалдары көп. Сырдарияның сол жағалауынан бой көтеріп келе жатқан жаңа қаланың алғашқы 18 көпқабатты тұрғын үйін он сегіз кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салуы – аймақтағы кәсіпкерлердің ахуалы мен белсенділігінің бір көрсеткіші.
«Индустрияландырудың екін­ші бесжылдығы. Қазақ­стан­да жасалған» жалпы­ұлт­тық телекөпірде Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың облыс әкімі  Қырымбек Көшербаевқа «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын тапсыруы біз айтып отырған саланың қарышты қадамына берілген баға.
Мемлекет басшысының қол­дауы арқасында және облыс әкімінің тікелей бастамасымен 2018-2021 жылдар «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп,  осы саланың дамуына жаңа серпін әкелді.
Алдымен облыс көлемінде кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы әзірленді. Жер­гі­лікті кәсіпкерлерді қол­дау үшін облыстың тауар өн­ді­рушілерінің каталогы құ­рылды, дайын бизнес-жобалар бар және өңірдегі бұқаралық ақпарат құралда­рында бизнесті бастау туралы практикалық ұсыныстар жарияланып, шал­ғай елді мекендердегі кәсіп­керлер үшін қашықтан кеңес беру іске қосылды.
Қызылордада экспортқа ар­налған сертификат алушылар қатарының соңғы екі жылда 40 процентке өскендігі де осындай қолдаулардың нәтижесі.
«Тауардың шығу тегін анық­тайтын сертификатты рә­сімдеу және беру шараларын «Атамекен» Ұлттық кә­сіпкерлер палатасының өңірлік палаталары осыдан бес жыл бұрын қолға алған болатын. Облыс көлемінде тау­арларды экспорттауға ар­налған сертификат негізінен күрішке, балыққа, ас тұзы мен мазутқа, мұнай мен ванадий кеніне берілуде. Кейбір кәсіпкеріміз тіпті сафлор майын өндіріп, Қытайға экспорттауда.  Бұл өңірімізде экспорт көлемінің артқандығын көрсетеді» – дейді облыстық кәсіпкерлер паласының басшысы Ғалымбек Жақсылықов.
Палата тарапынан мамандарды оқытып, жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Өткен жылы облысымызда «Бастау» жобасы бойынша 1600 азамат оқып шыққан.  Бүгінде олардың 400-ден астамы өз жобаларына әртүрлі қаржы көздерінен 1 млрд теңге алып, кәсібін бас­тап отыр.
Елбасы «Қазақстандық­тар­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауында «Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу»  деген болатын.
Дәл осы жолда халқымыз­дың әл-ауқатын арттыруға ай­рықша үлес қосып, мемле­кетіміздің дамуын озық елдер қатарына қарай алып бара алатын сала, бұл – кәсіпкерлік.  
Олай болса, аймақ тірші­лігінің өрлеуі кәсіпкерліктің да­му айғағы екені де айдан анық. 

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,
«Сыр бойы».
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз