Қазалы ауданы – Сегізбаев турнирінің жеңімпазы

336

0

Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаев атында футболдан 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Оңтүстік Қазақстан (Кентау қ.) және Қызылорда облыстарынан  9  команда 150 спортшы сынға түсті.

Турнир нәтижесінде Қазалы ауданының командасы көш бастаса,  екінші орынды  Қызылорда облысының №6 футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командалары иеленді. 

Жарыста «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Рысбек Тәңірберген (Қазалы),  «Үздік қорғаушы» Нұрсәт Байсалов (Қызылорда),  «Үздік жартылай қорғаушы» Тоқтар Божамбай (Кентау), «Үздік шабуылшы» Еламан Қасен (Жаңақорған), «Үздік ойыншы» Диас Қайратбек (Қазалы) марапатталды.

Жеңімпаз, жүлдегер командалар және үздік ойыншылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық футбол федерациясының диплом, медаль, кубок, естелік сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, үздік ойыншыларға Т.Сегізбаев отбасы атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Жүлдегер командаларды, үздік ойыншыларды марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, облыстық футбол федерациясының президенті Қайрат Ерназаров, футбол ардагері Ережеп Серікбаев және Т.Сегізбаевтың туыстары қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<