ҚАЗАЛЫДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН III АУДАН ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

324

0

Қазалы ауданында кіші футболдан өткен аудан чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Үш айға созылған аяқдоп аламанына 12 команда қатысып, екі айналым бойынша өз бақтарын сынаған болатын. 
Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов бұқаралық спортты дамыту жолында аудандық футбол федерациясының атқарған жұмыстарына тоқталып, жеңімпаздарды құттықтады. 
Федерация президенті Фердауси Қожабергенов аудан чемпионатына қатысқан командалардың жаттықтырушылары мен команда капитандарының дауыс беру нәтижесі бойынша танылған үздіктерге арнайы бағамдар табыстады. 
Сондай-ақ, чемпионаттың өз дәрежесінде өтуіне қолдау көрсеткен футбол демеушілеріне де құрмет көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<