Байқоңыр қаласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

516

0

ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 9 мамыр Жеңіс күніне орай мерекелік шара өтті.


Аталған шараға ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов қатысып, Байқоңыр каласының 10 ардагерін мерекемен құттықтап, алғыс білдірді.


Сондай-ақ, мерекелік шараға Ақай ауылдық округымен Байқоңыр каласының жастары өз үлестерін қосып, ардагерлерг еарнап, концерттік бағдарлама қойып, сый-сияпат көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<