Батырхан Шөкеновтің әніне қойылатын спектакльге кастинг жарияланды

280

0

  ARTиШОК театры Батырхан Шөкеновтің шығармасы желісмен сахналанатын спектакльдің қосалқы рөлдеріне әртістер іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кастинг төрешілері құрамында  аталған  театр режиссері Галина Пьянова, Украинадан келген хореограф Анатолий Фролов,  театр продюсері Анастасия Тарасова, кино және театр актері Шыңғыс Қапин  және музыкант Ғалымжан Молданазар бар. 

«Батырханның әні  желісіндегі қойылым сахналанады. Мюзиклді жарыққа шығару үшін  қосымша алаң керек еді. Бұдан бір жыл бұрын  жобаның концепсиясын жасадық. Бауыржан Шөкеновпен кездесіп, хореграф іздей бастадық. Енді командамызды толықтырып жатырмыз.  Әлбетте, бұл «қиялдағы команда» болу тиіс. Кастингтің жүргізілу сипатының өзі Қазақстандықтар үшін таңсық жағдай болмақ.  Себебі біздің елде  кәсіби бәсекелестік дамымаған. Көбі  артымызда тіреуіміз болмаса, ешкімге керек  емеспіз деп ойлайды.  Осы стереотипті бұзғымыз келеді»-деді  театр продюсері Анастасия Тарасова.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзін актерлік қырынан танытқысы  келетіндер анкета толтырып, фотосуретімен қоса,   artishock.casting@gmail.comпочтасына жолдай алады.

Батырхан Шөкеновтің  әніне  қойылатын спектакль биыл қыркүйек айына жоспарлауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<