Биыл Жалағашты газға қосу жоспарланып отыр

394

0

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов Жалағаш кентін газбен жабдықтау жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «StroyGazCompany» ЖШС жүргізуде.


Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Биыл кенттегі газбен жабдықтау жұмыстарын аяқтау үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге қаржы бөлінді.


Құрылыс жұмыстарын биылғы жылы аяқтап, Жалағаш кентін газ желісіне қосу жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов Жалағаш кентін газдандыру жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тиісті сала басшыларына тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<