БІЛІМ САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

330

0

Облыс басшысы өңір­де атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасаған есебінде білім саласына ерекше екпін берді. Қуаныштысы, жылдан-жылға білім беру жүйесін қаржыландыру ұлғайып келеді.
 «Білім – болашаққа бағытталған инвестиция» деп білетін аймақ басшылығы елдің ертеңгі тізгінін қолға алар жастардың қажетті білім алуына бар жағдай жасауда. Осы қолдау нәтижесінде оқушылар халықаралық, республикалық білім додаларында топ жарып жүр. Сонымен қатар облыс әкімдігі мен Ресей Федерациясының университеттері арасындағы екіжақты меморандумға сәйкес, 2014 жылдан бері қызылордалықтар Ресейдің маңдайалды оқу орындарында ізденуге мүмкіндік алды. Қазір көрші мемлекетте оқыған Сыр жастарының қатары толыққан. Ал, бұл барыс-келіс білікті маман даярлау ісіне айтарлықтай септесетіні анық.
Алтын ІЗБАСОВА,
№5 мектеп-лицей директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<