«Болашақ» университеті үздіктер қатарында

2301

0

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі өткізген ЖОО-ның Ұлттық рейтингісінде «Болашақ» университеті ТОП-20 енді. Университетте мамандар даярлауда 50 бакалавриат және 6 магистратура бойынша білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

– Бүгінде университет 4963 студент білім алуда. Оның ішінде 139-ы грант негізінде оқыса, 23-і шетел азаматтары. Университетте 203 оқытушы-профессор қызмет етеді. Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Швеция елдерінен профессорлар дәріс оқиды. Бұл биылғы оқу жылының бір ерекшелігі десек болады. Сондай-ақ, 150 студентке жеңілдіктер тағайындалды. Атап айтсақ, көпбалалы отбасылардан шыққан, бір отбасынан екі студент оқыған жағдайда, ата-анасынан айрылған студенттерге, біздің колледждерді бітірген, белсенді және түрлі жетістіктері бар студенттерге жеңілдік берілді. Бүгінде ғылыми-зерттеу институтының құрамында кафедралар жанынан құралған 1 лаборатория және 4 ғылыми орталық бар. Университет жылыжайы көлемі биылғы оқу жылында 2 есеге ұлғайды, – деді «Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков.


Қазіргі уақытта университеттің материалдық-техникалық базасы жыл сайын қарқынды дамуда. Биыл заманауи 378 орындық жаңа жатақхана және 2260 шаршы метрді құрайтын спорттық секциялар ұйымдастыруға арналған спорткешен құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Бүгінде 400 орындық екінші жатақхана, 1100 орындық «Болашақ» конгрессхол құрылысы, типтік ашық стадион құрылысы басталды.

Сонымен қатар, келесі жылы оқытушы профессорлар үйі, дендропарк, медициналық клиника, жағалаудағы ашық аспан астындағы атриум, кинотеатр, бизнес инкубаторды жүзеге асырылады. Ал білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған технопарк, университет жанындағы зияткерлік мектеп, жастар кешені құрылысын салу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<