Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

350

0

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде өткен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 6 мәселе қаралды.
Агенттік Төрағасымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін жетілдіру» бойынша Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында Кеңес отырысында мемлекеттік органдардың қызметшілерінің құқықтарының қорғалуы бағытында атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге үстеме ақы, материалдық жәрдемақы және сыйақы беру кезіндегі құқықтары, сондай-ақ іс-сапар шығындары мен кепілдері сақталуына жүргізілген талдау қорытындысы туралы Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Ғ.Қалиев хабарлама жасаса, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Р.Байназарова мемлекеттік органның қайта құрылған және басқару құрылымы өзгерген кезде, еңбек демалысына шығару кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындысы туралы хабарлама жасады.
Аталған мәселелерге сәйкес Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуы бойынша тиісті ұсынымдарын енгізді.
Сондай-ақ, Кеңесте Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ідірісовтың есебі және сыртқы талдау нәтижелері бойынша Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Е.Қарабалаев пен Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Ізкеновтың хабарламалары тындалды
Сонымен қатар, Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Жер заңнамалары нормаларымен белгіленген жалпы тізімдегі кезектілік мерзімдерді сақтамай, Заңның 50-бабының 1-тармағы 4-тармақшасында көзделген талаптардың бұзылуына жол берген Арал қаласы әкімі Б.Махатовтың және оның орынбасары Р.Жанаевтың тәртіптік істері қаралып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергендері үшін аталған тұлғаларға қатысты «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<