Досаев қымбаттайтын өнімдерді атады

444

0

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты6 деп хабарлайды BAQ.KZ.


Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы тамызда 7,3%-ды құрап, 0,1 пайызға өсті. Өндірушілер бағасының өсуі және сұраныстың қалпына келуі аясында жанар-жағармай бағасының өсуі жалғасуда, бұл киім-кешек және аяқ киім бағасының да өсуін жеделдетеді. Олардың азық-түлікке жатпайтын инфляцияға үлесі осы жылдың мамыр-тамыз айларында 0,94 пайызды құрады, – деді ол.


Ол атағандай, ақылы қызметтер инфляциясы биылғы тамызда 6,6%-ға дейін 0,5 пайызға өсті.
Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы бағасының өсуі 10,1%-ды құрады. Сұранысты қалпына келтіру аясында тұрғын үйді жалға алу бағасы, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушылар әуе тасымалы бағасы өсті. Жыл соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады деп күтуде, оның төменгі шекарасы инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған, – деді Досаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<