Дәурен Абаев: БАҚ-тың жаңа рейтингі болады

97

0

Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі рейтингісіне қатысты сұрақ қойылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мысалы, Zero жүйесі сары басылымдардың одан сайын көбеюіне әкелетін сияқты. Одан да өз жүйемізді жасамаймыз ба? Оның ішінде контенттің анализін, мақаланың сапасын анықтайтын бір тетіктер болса, өзімізге де жақсы емес пе?» – деп сұрады журналистердің біреуі. Министр Абаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жаңа жүйені әзірлеу жұмысы атқарылып жатыр.
«Жылдың соңына дейін біз өздеріңізге бір шешімін айтамыз. Қазір ол мәселені қарастырып жатырмыз. Сіз айтып отырған мәселелер дұрыс әрі орынды. Біз бәрін зерделеп, интернет саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының ғана емес, жалпы ақпараттық жүйемізді қарайтын шешімге келіп қалдық. Соны жылдың соңына дейін ұсынамыз деп ойлаймын. Бірақ онымен барлығы бірдей келісе ме, жоқ па, ол – басқа мәселе», – деп атап көрсетті Д.Абаев.
Айта кетейік, министр Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды.  Аталған шаралар жылдың ортасында басталады. Бұдан бөлек, Дәурен Абаев журналистерді баспанамен қамтудың машақаты туралы айтып берді.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз