Фото-видео байқауында топ жарды

307

0

Осы жылдың 18 шілдесінде «Атамекен» ҰКП мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі «#МеніңАтамекенім» фото және видео байқауын  жариялаған болатын.

Бұл конкурс туған өлкесін мақтан тұтатындар және суретке түсіп, видео таспалауды сүйетіндерге арналды.

Шараны ұйымдастырушылар байқауға қатысу үшін керемет фотограф болу міндетті емес екендігін айта отырып, ұшқыр қиял мен ауылда бар айрықша нысан туралы пікірге мән берді.

18 тамызға дейін жалғасқан байқауға республика көлемінде 1000-нан астам адам 2000-нан астам өз өнімдерін ұсынды. 

Қатысушылардың жұмысын кәсіби сарапшылар бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Бұл байқауға біздің облысымыздың фотографтары – Бағдат Есжанов, Нұрболат Нұржаубай, журналист Махмуд Байходжаев және қала тұрғыны Нұрсұлтан Байменов әлеуметтік желі арқылы фото туындыларын ұсынды.

Нәтижесінде 1000-нан астам адам қатысқан республикалық байқауда біздің жерлесіміз, облыс әкімі баспасөз қызметінің фотографы Есжанов Бағдат Кемелұлы марапатталған 12 азаматтың ішінде үздік алтылыққа еніп, жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, 14 облыс, 3 қаланың ішінен азаматтары марапатталған тек 9 өңір ғана.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Палата алаңында Бағдат Кемелұлын жеңісімен құттықтап, марапаттады, байқау ұйымдастырушыларының сыйлығын табыс етті.

Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<