Футболдан 2022 жылғы – ӘЧ: Катар тек коронавирустан вакцина алғандарды кіргізеді

871

0

2022 жылы футболдан әлем чемпионаты өтетін Катар елінің үкіметі жанкүйерлерден коронавирусқа қарсы вакцина алуды талап етеді. Бұл туралы елдің премьер-министрі, шейх Халид бин Халифа бин Әбдел Әзиз Әл Тани мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат AP-ға сілтеме жасап.


Оның айтуынша, мемлекет жарысты көруге келетіндер үшін COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 1 млн дозасын жеткізу туралы келіссөздер жүргізу үстінде.


«Катар вирусқа қарсы толық екпе салдыртпаған жанкүйерлерге стадиондарға кіруге рұқсат бермейді… Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтар мен тұрғындардың денсаулығын қорғау», – деді шейх Халид.


Қазіргі кезде Катарда коронавирустан 585 адам қайтыс болған 585 220 800 адам індетке шалдыққан.
Әлем чемпионаты 2022 жылдың 21 қарашасында басталуы тиіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<