Ғалымдар қателеспейтін сағатты ойлап тапқаны үшін сыйақы алды

2047

0

Ғалымдар 15 миллиард жылда 1 секундқа ғана қателесетін сағатты ойлап тапқаны үшін 3 миллион доллар сыйақы алды. Бұл жөнінде Мassaget.kz жазды.


Токио университеті мен Колорадо университетінің ғалымдары Хидетоши Ятори мен Джун Е 15 миллиард жыл ішінде 1 секундтқа ғана қателесетін сағатты құрудағы еңбегі үшін іргелі физика бойынша 3 миллион долларлық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы марапаттау сайтында хабарланды.

Марапаттау комитетінің мәліметінше, ғалымдар «табиғат заңдарын жоғары дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік беретін оптикалық торлы сағаттарды құруда маңызды рөл атқарды». Олардың өнертабысы уақытты қолданыстағы әдістерге қарағанда мың есе дәл өлшеуге мүмкіндік береді.

Оптикалық торлы сағаттар – бұл уақыт атомдарының күйін өлшеу арқылы есептелетін дәстүрлі атомдық сағаттардың эволюциялық дамуы. Бір атом  секунды 2 цезий-133 атомдық күйінің ауысуында пайда болатын электромагниттік сәулеленудің 9 192 621 770 циклына тең.

Бастапқыда бұл ауысуларды жасау үшін атомдық сағаттарда микротолқынды сәуле қолданылды. Егер оптикалық диапазонда жоғары жиілікті сәулелену қолданылса, уақытты өлшеу дәлдігі артады. Бұл жағдайда стронций атомдары жиілік генераторы қызметін атқарады. Ятори мен Джун E өлшеу дәлдігін арттыру үшін осы атомдарды бір нүктеде ұстаудың жолын тапты. Бұл үшін олар лазерлік сәулелер атомдарды ұстайтын «оптикалық торды» қолданды.

Мұндай технологияны қолданатын сағаттардың дәлдігі соншалық, олар 15 миллиард жыл жұмыс істегеннен кейін уақытты өлшеудегі қателік 1 секундтан аспайды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, ғалымдар Ғаламның жасы 14 миллиард жыл, ал Күндікі 5 миллиард жыл деп есептейді.

Жаңа өнертабысты көптеген салаларда – GPS дәлдігін жоғарылату, уақыт бойынша гравитациялық баяулауды дәл өлшеу және гравитациялық толқындарды анықтауға қолдануға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<