«Көгілдір отын» – халықтың игілігіне

307

0

Стратегиялық маңызы бар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының құрылысы – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан ауқымды жобалардың бірі. Төрт облыс арқылы өтетін газ құбырының жалпы ұзындығы – 1143 шақырым.  Оның 846 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Аталған құбыр бойында бірнеше газ компрессорлық станциялар салынды. Айта кетейік, аталған магистральді газ құбыры аймақ экономикасына қосымша қуат беріп, өңірді түгелдей газбен қамтуға жол ашып отыр.  

Бірегей жоба аясында өткен жылы Ақтөбе облысындағы «Бозой» кентінен компрессорлық станция, Қызылорда облысын­да «Қараөзек» жоғары техноло­гиялық газ компрессор­лық стан­циясы пайдалануға берілді. 11 желтоқсан күні Елба­сы­­ның қа­тысуымен өткен жал­пы­­ұлттық телекөпірде осы ком­п­рессорлық станциядан «Са­ры­арқа» магистра­льді газ құбы­рының құрылысын бастау рәсімі өтті. Ол Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалалары арқылы Ас­танаға жеткізіледі.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбыры мұ­най­лы өлкеден бастау алады. Былтыр Сексеуіл кенті тұсынан «Арал», ал қаңтарда Қазалы ауданы аумағынан «Қорқыт Ата» компрессорлық станциялары қол­данысқа берілді. Аталған ны­сандар елдің оңтүстік өңірін газ­бен тұрақты қамтамасыз етуге және қазақстандық экспорт кө­лемін ұлғайтуға мүмкіндік бе­реді.

Бүгінгі таңда облыс орта­лы­ғы Қызылорда қаласы мен ай­мағымыздағы 4 аудан орталы­ғы­ның тұрғындары табиғи газ­дың игілігін көріп отыр. Об­лыстың қалған 3 аудан ор­та­лығы – Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттерін газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жосалы кентіндегі АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 903,5 млн теңге қаржы бөлініп, нысанның құрылысы былтыр аяқталды. Сондай-ақ, өткен жылы Тереңөзек кентіне арналған АГТС орнату жобасы басталды. Қазынадан бөлінген 2,1 млрд теңге қаражатқа АГТС салынып, 43,4 шақырымдық газ құбыры жүргізілді. Нысанды аяқтау мерзімі – алдағы мамыр айы. Ал кентішілік газ желісінің құрылысы көктемде басталды. 2020 жылға қарай аймақтағы барлық жеті аудан орталығын «көгілдір отынға» қосу жоспарланған.

Сондай-ақ, Қызылорданың сол жағалауын газдандыруға об­лыс қазынасынан 650 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынмен жүргізілді. Осыдан екі жыл бұрын Байқоңыр қаласына газ берілгені белгілі. Нәтижесінде, нақты кезеңде облыс тұрғын­да­рының 63 проценті, ал Қызыл­орда қаласы халқының 95 про­центі табиғи газ тұтынып отыр.

Ең бастысы, облыс, аудан орталықтары ғана емес, ауыл­дағы ағайын да көгілдір отынға қол жеткізді. Алдыңғы кезекте 2016-2017 жылдары Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті мен Талсуат елді мекені газбен қамтылды. Ал өткен жылы Махамбет және Наурыз елді мекендерін кварталішілік газдандыру жобалары бойынша қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттама жасалған. Бұл ауылдарда газдандыру жұмыстары басталатын күн алыс емес. Бұған қоса, қалаға қарасты Абай және Досан елді мекендерін газдандыру ісі 2019-2020 жылдары мемлекет пен жекеменшік әріптестігі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ұзаған жылдың мәресіндегі жағымды жаңалыққа келсек, ай­мақтағы ауылдар да табиғи газ­бен қамтыла бастады. Мұндай игілікке қол жеткізген алғашқы ауыл – Шиелі ауданы Ыбырай Жақаев елді мекені. Бұған осы ауданға сапар барысында куә болдық. Даңғайыр диқан атын­дағы ауылды Шиелі кентімен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атын­дағы көше бөліп тұр. Қыс­тың басында осы ауылдағы 73 отбасы экологиялық таза отын көзін пайдалануға мүмкіндік ал­ды. Ауыл әкімінің міндетін атқа­рушы Ержан Оралбектің айтуынша, Ы.Жақаев елді мекеніндегі тағы 115 үйдің иесімен газ кіргізу туралы келісім-шарт жасалған. 

Сонымен қатар, Шиелі кен­ті іргесіндегі Бидайкөл елді мекеніне де табиғи газ жүргізілді. Гигант ауылдық округі орталығы – Бидайкөл елді мекенінде 4 мыңға жуық тұрғын бар. Мұн­дағы барлық 702 үйдің 35-і ор­талық газ құбырына қосылған. Мердігер компания «Демеу және К» серіктестігінің басшысы Медеу Құлжановтың айтуы бойынша, ақпанның 20-сына құбыр сынамадан өткізіледі. Үйге газ кіргізу қазір де жалғасуда. Сон­­дай-ақ, Шиелі кентіндегі ин­дуст­риялық аймақты газданды­ру құрылысына облыстық бюд­жеттен қаржы бөлінген-ді. Бү­гінгі таңда құрылыс-монтаж жұ­мыстары толық аяқталып, ны­санды қабылдау жұмыстары жүр­гізілуде.

Статистикаға сүйенсек, 4 аудандағы 25 803 тұрғын үйдің 21 мыңнан астамы қазір көгілдір отын пайдаланып отыр. Осылайша, соңғы 5 жылда Сырдағы мың сан отбасының тұрмысы жаңа сипатқа ие болды. Ал, қал­ған 3 аудан орталығы мен елді мекендерді магистральді газ құ­бырына қосу бағытындағы жұ­мыстар жалғаса береді. Айта ке­тейік, Елбасының тікелей бас­та­масымен қолға алынған жо­баның мақсаты – тұрғындары ты­ғыз орналасқан еліміздің оң­түстік бөлігін түгел газдандыру. Негізі, Сыр бойындағы елді мекендердің 85 проценті магистральді құбыр бойында орналасқандықтан өңірді газдандыру кезең-кезеңімен жү­зеге аса береді батыл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<