МУЛЬТФИЛЬМ ДАЙЫНДАУҒА ЖАРТЫ ЖЫЛ КЕТТІ

291

0

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» ойын-сауық орталығының кино залында аниматор Сымбат Әбдірахманованың «Сиқырлы кілт» мультфильмі көрерменге жол тартты. 

Танымдық-фантастикалық туынды әрбір балаға Сыр өңірінің табиғатын тануға, тарихын білуге көмектеседі. Алдағы уақытта өлкетану бағытындағы әрбір сабақта пайдалану үшін қолайлы әрі тиімді құралға айналатынына сенім бар.

Сыр елінің өткені мен бүгінгісін байланыстырған туындыға үздік педагогтар мен тарихшылар тартылды. Мультфильм кейіпкерлерін облысқа танымал әртістер дыбыстады. Автор бұл еңбегін «Сыр елінің туған күніне жасаған тартуым» дейді.

Сымбат Әбдірахманова – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. «Сиқырлы кілт» анимациялық туындысын дайындауға жарты жыл уақытын жұмсаған. Мультфильмді дайындауға «Bilim Foundation» қоғамдық қоры демеушілік жасады.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<