
Мемлекет басшысы «Challenge Өзгеше сен!» республикалық спорттық бастаманы қолдады және осы акция қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Бұл бастаманың мақсаты – біздің ел тұрғындары арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция аясында отандық спорт, мәдениет және масс-медианың танымал өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланған. Олар өз үлгілері арқылы қазақстандықтарды дене жаттығуы және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=20&v=a4uxLrsoFFo
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<