Облыс тұрғындарының назарына!

257

0

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қ.Д.Ысқақовтың 2020 жылғы 19 ақпан күні сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Сонымен қатар, облыс әкімі орынбасарлары, “Nur Otan” партиясы Қызылорда облыстық филиалы төр­ағасының бірінші орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ат­қарушы орган басшылары мен ор­талық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімше басшылары 2020 жылғы 14 және 18 ақпан күндері сағат 10.00-18.00 аралығында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау облыс әкімдігі ғимаратының 1-қабатында өткізіледі.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 1.

Байланыс телефондары:

 +7 7242-40-11-91

 (ішкі 7030, 7049).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<