ОРТАЛЫҚТЫҢ ОҢДЫ БАСТАМАСЫ

319

0

«Қамқорлық» дағдарыс орталығы жанынан әлеуметтік балабақша ашылмақшы. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталық директоры Жандос Тұсмағамбетов хабарлады.
Дағдарыс орталығы отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған азаматтарға психикалық және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Стандартқа сәйкес, азаматтарға 8 арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынылады.
– Орталықта олар 6 айға дейін бола алады. Бізге көбіне физикалық, психологиялық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтар хабарласады, – деді Ж.Тұсмағамбетов.
Жыл басынан бері орталыққа 75 адам орналастырылды. Олардың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 47 бала бар.
Негізінен орталыққа келушілер көбіне балалы әйелдер екен. Оларға тиісінше кешенді көмек көрсетіледі. Көбісі жұмыссыз. Сондықтан орталық жанынан әлеуметтік балабақша ашу жоспарланып отыр. Бұл әйелдердің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын арқылы, оқыту курстарынан өтіп, мемлекеттік шәкіртақы алуына және жұмыс табуына мүмкіндік береді.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<