Партия қатары толықты

373

0

Тұңғыш Президент күніне орай түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданды. Салтанатты шараға облыс әкімі, партияның облыстық филиал төрағасы Қырымбек Көшербаев қатысып, жетекші саяси ұйым қатарын толықтырған азаматтарға билет табыстады.

– Нұротандықтар елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтап, тәуелсіздігіміздің тұрақты, мемлекетіміздің қуатты дамуына елеулі үлес қосуда. Бұл – әрбір партия мүшесінің жауапкершілігі. Баршаңызды жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы, «Тұңғыш Президент күні» мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтап, партиялық жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, мүшелікке қабылданғандардың ішінде «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі, «Жыл патриоты – 2018» номинациясының иегері Сағатбек Сию­ов бар.

– «Нұр Отан» партиясы тек аза­маттардың басын бір ортаға то­ғыстырып отырған жоқ, ол өз алдына әлеуметтік жауапкершілік алып отыр. Елбасы басқаратын партияға мүше болу мен үшін үлкен мәртебе. Қоғамдық-саяси ортадағы партия беделін нығайтып, оның көздеген мақсатына қол жеткізуіне септігімді тигізуге дайынмын, – деді С.Сиюов.

Жиын соңында қоғамдық жұ­мыстарға араласып, партияның мақ­сат-міндеттерін жүзеге асыруда белсенділік танытқандар облыс әкі­мінің Алғыс хатын иеленді.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<