Қаһарман шекарашылар ешқашан ұмытылмайды

1394

0

Жыл аяқталар сәт. Әрине бұл біреу үшін қуанышты жаңалық болса, ал біреу үшін мұң. Анығында шекарашылар үшін әр жылдың 25 желтоқсаны аза тұту секілді болатыны рас.

2012 жылғы желтоқсан айының соңғы аптасы шекара шебінің небір майталманын ажал дейтін аждаһаның азуына байлап бергені де шындық. Дәл осы күні Шымкент қаласы Тассай елдімекені маңындағы шекара бағаны іспетті құлыптасқа қарақұрым адам жиналып қаруластарын бір сәтке үнсіздікпен еске алады. Батыр шекарашылардың рухына арналған іс-шара бүкіл ел бойынша ұйымдастырылды.


2012 жыл Сайрам ауданы Тассай елдімекеніндегі жергілікті халықтың жадында «ұшақ құлаған жыл» болып қалды. Оқиға орнына алғаш жеткен әскерилердің айтуынша, сол күні Шымкентте ауа райы жылымық, ашық болған көрінеді. Кеш қарайған соң күннің райы күрт өзгеріп ұшақ ұшқыштарын әбден әбігерге салса керек. Тіпті ұшқыштың жанқиярлығы сол әуеде әрең қалықтап ұшқан темір көлікті әупірімдеп жүріп ел-жұрттың үй-жайы жоқ айдалаға бұрғандығын айтсаңызшы. Өздері өлім аузында жүрсе де жердегі жалпақ жұрттың қамын ойлаған асылдарым-ай…


Әрине белуардан келетін қарда, тарыдай шашылған адамның дене мүшелерін жинау кімге оңай тиді дейсіз? Дәл сол оқиғадан бері міне тура тоғыз жыл өтті. Желтоқсанның ызғырығында туған жас сәби бүгінгі күні оң-солын танып, мектеп партасындағы оқушы.


Биылғы жылдың 24 желтоқсаны ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің жеке құрамы 2012 жылдың 25 желтоқсанында болған қайғылы да ызғарлы оқиға салдарынан қаза тапқан шекарашы әскери қызметшілері сізді еске алу рәсімі өтті.


Шара департамент бастығы полковник Бауыржан Абсаматов пен әуе апатынан қайтыс болған қызылордалық жерлесіміз полковник Ерлан Махаевтың әкесі Мейрамбек ағамыздың еске алу сөзімен басталды.
Шекарашылар қаза тапқан әскери қызметшілеріміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Ал 25 желтоқсанда, яғни келесі күні шара облыстық күш құрылымдары арасында мини футболдан еске алу турнирімен жалғасты. Турнирде он бір команда қатысты.
Сонымен қатар Ерлан Махаевтың оқыған №212 мектеп-гимназиясына бір топ департамент офицерлері барып, мектеп басшылығы мен оқушыларды «Мемлекеттік шекара» кітабымен таныстырды. Офицерлеріміз қаза тапқан шекарашыларымызды еске алып, ел сақшыларының қызметімен таныстырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<