Қармақшы мектептері жаңа модификациялық құралдармен жабдықталды

1370

0

Қармақшы ауданында жаңа модификациялық кабинеттерді жабдықтауға 182 млн. 465 мың теңге бөлінді. Қомақты қаржыға 23 физика, химия, биология кабинеттері жабдықталды.


– Өздеріңіз білетіндей, білім беру саласында пандемияға байланысты балаларды оқытудың тәсілі мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Көптеген білім беру ұйымдары қашықтан оқуға көшті. Осы орайда толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн платформасын жолға қойып, оқушыларға сапалы білім беруге күш салып жатырмыз. Республика бюджетінен қашықтықтан оқытуға отбасының әлеуметтік жағдайларына қарай 1790 ноутбук, 462 компьютер, 599 планшет, демеушілікпен 78 планшет, 300 SIM карта алынды, – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.


Айта кетейік, мұндай қолдау мұғалімдерге де көрсетілді. Мәселен, биылғы оқу жылында облыстық кәсіподақ комитеті мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес сабақ өткізу үшін 32 ноутбукты берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<