Қармақшыда шағын футболдан жарыс өтті

1157

0

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық дене шынықтыру спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесіне орай шағын футболдан жарыс өтті.


Шағын футболдан өткен жарысқа 100-ден аса қызметкерлерден құрылған 8 команда қатысты.
Нәтижесінде І орынды «Аудан әкімі аппараты» командасы жеңіп алса, ІІ орынды «Мәдениет саласы» командасы, ІІІ орынды «Райсобез» командасы иеленді.


Сонымен бірге «Үздік ойыншы» номинациясымен Қыпшақбаев Мұхит, «Үздік қақпашы» номинациясымен Мұстахимов Дәулет, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Жүнісов Ғалым, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Қалымбетов Жеткерген, «Үздік сұрмерген» номинациясымен Сансызбаев Сәкен марапатталды.


Сондай – ақ кәсіби мерекеге орай №26 орта мектеп базасында волейболдан жарыс өткізілді.


Жарыс қорытындысымен 1-орынды білім бөлімі қызметкерлерінен құралған команда, 2-орынды ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінен құралған команда, 3-орынды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерінен құралған командалар өзара бөлісті.


Жарыс соңында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Е. Еркебаев жеңімпаз командалар мен номинация иегерлеріне марапаттарды табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<