Қазалыда белгілі теміржолшыға музейден бұрыш ашылды

302

0

Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінен Қазақстан Республикасының «Құрметті жолшысы», «Автожол үздігі», Қазалы ауданының құрметті азаматы Ботабай Рыстығұлға арналған «Текті тұлғаның тұяғы» атты бұрыш ашылды.


Шараға арнайы келген қонақтарға музейдің ғылыми қызметкері Алтынай Жадырасынова Ботабай Рыстығұлға арнайы ұйымдастырылған көрмемен таныстырды.


Өскелең ұрпақ үшін маңызы зор шараға қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев елі үшін еңбек еткен Ботабай Рыстығұлұлы атындағы арнайы бұрыштың ашылу салтанатымен құттықтады.


– Ботабай Рыстығұлұлын аудан тұрғындары темірдей тәртіпті талап ететін теміржол саласында басшылық қызмет атқарған абыройлы азамат ретінде жақсы таниды. Сондай-ақ, ағамыз аудандық партия, Кеңес органдарында, поселкелік және қалалық Кеңес атқару комитеттерін басқарып, жемісті еңбек етті, – деген Мұхтар Әуесұлы

Ботабай Рыстығұл – туған жердің жанашыры ретінде аудандағы әрбір істің басы-қасынан табылып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өте зор үлес қосқанын жеткізді.


Арнайы бұрыштың ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Қазалы ауданының құрметті азаматы Мұхарап Табынбаев пен Ботабай Рыстығұлдың жары Орынкүл Рыстығұлова сөз сөйлеп, өскелең ұрпақ осы жерден елдің қуанышы мен қайғысында әрқашан бірге болып, халықтың жанынан табыла білген біртуар тұлға жайлы мәліметтер таба алатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз