Қазалыда жас аналарға құрмет көрсетілді

799

0

Еліміздегі айшықты мереке – Тәуелсіздік күні Қазалы ауданында 10 нәресте, яғни, 5 ұл, 5 қыз бала дүниеге келді.


Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов аудандық перзентханаға барып, жаңа туған сәбилердің аналарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аудан әкімінің «Құттықтауы» мен сый-сияпаттарын табыс етті.

– Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын Тәуелсіздік күні дүние есігін ашқан сәби туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.


Тәуелсіздіктің торқалы тойына тарту жасаған жас аналар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<