Қызылорда облысында 148 мал иесі жауапкершілікке тартылды

494

0

Малды бақылаусыз жаю, жануарлардың жолға шығуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Жыл басынан бері облыс аумағында үй жануарларының қатысуымен алты жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан бес адам түрлі жарақат алды.


Осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс жолдарында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.


Аталған ереже негізінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 408-бабының талаптарына сәйкес, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерімен қараусыз жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне қатысты әкімшілік жазаларды қолдануда. Ағымдағы жылдың басынан 148 мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жүргізушілер, өз кезегінде, тәуліктің түңгі уақытында елді мекендердің жанында, тиісті белгілер орнатылған жерлерде ерекше қырағы болып, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<