Қызылорда облысында тағы екі ауылдық округте жаңадан әкім сайланды

5244

0

Қызылорда облысында тағы екі ауылдық округте жаңадан әкім сайланды.

Аталған маңызды шара Арал ауданының Аққұм және Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округтерінде өтті. Дауыс беру барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес жүргізілді. Құқық бұзушылықтар кездеспеді, арыз-шағымдар түскен жоқ.

«Сайлау барлық талаптарға сай өткізілді. Бүгін 2850 адам өз таңдауын жасады. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 80,8% құрады. Ол Арал ауданы Аққұм ауылдық округінде – 72,3, Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округінде – 85,7 % құрады», – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 25 шілде күні өткен ауыл әкімі сайлауына 151 адам өз кандидатурасын ұсынды. Оның 131-сі немесе 86,8%-і тіркеуден өтті. Сайлау бюллетеніне 122 кандидат енгізілді.

Саяси партиялардан 35 адам ұсынылды. Оның ішінде «Nur Otan», «Ауыл», «ADAL», Қазақстан халық партиялары бар. Сондай-ақ, өзін-өзі ұсыну бойынша – 5 адам.

Өткен аптада сайланған 40 әкімнің 10-ы мемлекеттік қызметші болса, 22-і нақты ауылдық округте қайта сайланған жұмыс істеп жүрген әкімде. Ал, 5-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 3-і уақытша жұмыс істемейтін азаматтар. Сайланған 40 әкімнің арасында бір әйел азаматша бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<