Қызылордада 1 күнде заңсыз айналымнан 7 қару алынды

666

0

Биылғы жылдың 16-18 наурыз аралығында облыс бойынша «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.


Аталған шараның алғашқы күнінде 1116 қару иелері тексеріліп, 19 құқық бұзушылық анықталды. Рейд барысында заңсыз айналымнан 7 қару тәркіленді.


16 наурыз күні Сырдария ауданының 24 жастағы тұрғынынан ІІО-да тіркеуде жоқ 1 ұнғылы 12-калибрлі нөмірі өшірілген аңшы мылтығын алынды.


Осы тектес құқық бұзушылық Екпінді ауылында анықталды. 36 жастағы тұрғыннан ІІО-да тіркеуде жоқ 2 ұңғылы 16 калибрлі нөмірі өшірілген аңшы мылтығы алынды.
Бұл азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 482 – бабымен (Қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Сонымен қатар, шара барысында қару сақтау ережесін бұзған 4 азаматқа, қару тасымалдау және тіркеу ережелерін бұзған 8 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<