Қызылордада 200 балаға Президенттің жаңажылдық сыйлығы табысталды

720

0

Бүгін Қызылорда облысында карантиндік шектеулерге байланысты шырша мерекесі онлайн форматта өтті.

Бір мезетте қала және аудан көлемінде 200 балаға 200 Аяз ата мен 200 Ақша қар Президент сыйлықтарын табыс етіп, думанды мерекені сезіндірді.

Балаларға арналған Президент шыршасы мерекесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова телевизиялық форматта балаларға тілек білдіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Президент шыршасы аясында әлеуметтік санаттағы отбасылардың балаларына Президент құттықтауы мен планшет, роутер, 6 айға тегін интернет пен ойыншықтар, кітаптар және тәтті сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<