Қызылордада ауыл шаруашылығы экспорты артты

880

0

Агроөнеркәсіптік кешен саласын қарқынды дамыту мақсатында облыс әкімдігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген 2021-2025 ж.ж. аралығында инвестициялық құны 56,1 млрд. теңге құрайтын 42 жобасының Жол картасы қабылданды.


Оның ішінде 20 экспортқа бағытталған іргелі инвестициялық жоба болып табылады. Атап айтсақ, 2 құс етін өндіретін құс фермасы, 2 сүт өнімдерін өндіру фермасы, 6 күріш ақтайтын зауыт, 3 ет камбинаты,1 балық өсіру және өңдеу жобасы, 1 томат паста өндіретін зауыт, 1 интенсивті алма бақ, 1 түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы, 1 жылыжай кешені, 1 бақша дақылдарын өңдеу жобасы, 1 жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа егу жобасы.


Биылғы жылы бизнесті қаржыландыруға мемлекеттік бағдарламалар аясында 6,2 млрд. теңге қаржы қарастырылған.


Оның ішінде, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына 3,5 млрд. теңге бөлініп, қазірдің өзінде шағын және 598 жобасы субсидияланды. Бұл жобалардың 432-не 2,2 млрд. теңге көлемінде мемлекеттің кепілдігі ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<