Қызылордада барлық автобустар үшін орталық диспетчерлік қызмет болады

834

0

Қызылордада 25 маршрут және 8 қала маңындағы бағыттар бойынша 400-ге жуық автобус жолаушыларды тасымалдайды. Оның ішінде «Қызылорда Автобус Паркі» ЖШС 5 бағытта жолаушылар тасымалдаумен айналысады (1,11,14,17,18), қалған 28 жеке кәсіпкер болып жұмыс істейді.

«Қызылорда Автобус Паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов жол қозғалысы ережелерін сақтау үшін аптасына екі рет автобус жүргізушілерімен Жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша кеңес өткізілетінін атап өтті.

Бұдан басқа, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі халықтың сұраныстарына сәйкес жаңадан салынған шағын аудандар мен шалғайдағы елді мекендерді, саяжай, бау-бақша серіктестіктерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін қоғамдық көлік бағыттарының жол схемасын ұзартты. Жол схемаларына сәйкес жолаушылар тасымалына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу үшін қажетті құжаттар әзірленеді.

Қазіргі уақытта «Қызылорда Автобус Паркі» ЖШС «ALEMPAY»жүйесімен жұмыс істейді. Серіктестіктің балансындағы 135 автобустың 121-іне электрондық төлем жүйесі орнатылған. Жақын арада қала және іргелес елді мекендер тұрғындарын тасымалдаумен айналысатын жеңімпаз серіктестіктердің көлік құралдарына да электрондық төлемдер жүйесі орнатылатын болады. Ол үшін серіктестік «QazSmartTrans»ЖШС-мен шарт жасасты.

Бұдан басқа, жоспарда орталықтандырылған диспетчерлік қызметті (ҚҚТ) ашу және бір орыннан басқару бойынша жұмыс жүргізу көзделген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<