Қызылордада көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы салынады

675

0

Сыр спортшылары жыл басынан бері ҚР чемпионаттарында 1037, Әлем және Азия чемпионаттарында 123 медаль еншіледі. Жалпы биыл облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 1322 іс шара өтіп, 120 мыңнан аса адам белсенді қатысты.


Облыста халықты спорттық инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар» санының көрсеткіші бойынша 2021 жылдың қорытындысымен 40,8 пайызды құрады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл хабарлады.

– Биыл Сыр спортшылары үшін табысты жыл болды. Төрт жылда бір рет келетін ең ірі халықаралық спорттық жарыс – Токио Олимпиадасына облыстан үш спортшы қатысып, Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Әлем, халықаралық, республикалық чемпионаттарында біздің спортшылар әр түрлі дәрежеде жүлдегер атанды. Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 спорт кешені ашылды. Келер жылы «Самұрық» корпоративтік қорының демеушілігімен қалада және Махамбетов ауылдық округінде көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын салу жоспарланып отыр, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<