Қызылордада оқушылар жазғы мектептерге барады

931

0

Сыр елінде жазғы мектептер мен лагерьлер жұмысы басталатын болады. Оқушылар оқу процесі кезіндегі кейбір олқылықтардың орнын толтыру үшін жазғы мектептерге барады.


Жазғы мектепті ұйымдастыруда қосымша қаржы талап етілмейді. Бұл ретте мұғалімдер ағымдағы оқу жылына бекітілген тарификация шегінде жұмыс жасайды. Яғни кезекті еңбек демалысы 19 маусымнан кейін беріледі. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.


Жазғы мектептерге үлгірімі төмен оқушыларға басты назарға алынады. Бұл ретте қамтылатын пәндер мен тақырыптар ата-ана, оқушылардың таңдауы бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда 262 мектепте жазғы мектеп ұйымдастырылады. Оған 25 054 оқушы, 4645 педагог тартылады.

– Оқушылардың жазғы уақытын тиімді әрі қызықты өткізу үшін басқарманың арнайы online_vacation_kzo инстаграм парақшасында түрлі контент әзірленетін болады. Балаларға арналған танымдық бейнероликтер, акциялар, марафондар мен конкурстар қызықты форматтарда өткізіміз. Жазғы мектеп шарасында да мұғалімдер онлайн бейнедәрістер мен креативті сабақтар желісі ұйымдастырылады,-деді Ақзира Қасымова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<