Қызылордада полицейлер коронавируске қарсы вакцина салдырды

405

0

Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. Наурыз айынан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері егілуде.

Вакцинация бойынша ұйымдастыру шаралары облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісілген.


Пандемия кезеңінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің 26 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазіргі таңда вирус жұқтырған науқастар жоқ.

«10 наурыздан бастап полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды. Вакцинациядан бұрын полиция қызметкерлерімен аудиоселекторлық режимде ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері шақырылды. Сонымен қатар, емхана дәрігерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп түсіндірді ПД емхана бастығы Динара Айтжанқызы Әмірсейітова.


Вакцинация №1,3 және 6 қалалық емханалар базасында жүргізіледі және бірінші кезекте халықпен күнделікті тікелей байланыста жұмыс жасайтын учаскелік полицейлерге егіледі. Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылық құрамы да екпе салдырды.

«Бұл бірінші кезекте дәрігерлермен қатар алдыңғы шепте тұратын полицейлер үшін қажетті шара. Себебі, біз үшін жеке құрамның қауіпсіздігі өте маңызды» деді Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ибраев Дәурен Алпысбайұлы.
Вакцинацияның бірінші кезеңінен өткендер екіншісін 21 күннен кейін салдырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<