Қызылордада қала мен 5 аудан неге жарықсыз қалды?

424

0

16 наурызда сағ 20-42 «KEGOK» АҚ-ның 220 кВ электр желісінде кернеудің төмендеуінен электр энергияның өшірілуі орын алды. Бұл жөнінде Қызылорда облысы әкімдігі хабарлады.


Соның салдарынан Қызылорда қаласы және 5 аудан тұтынушылары электр энергиясынан ажыратылды.

Сонымен бірге Қызылорда ЖЭО-ы қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Соның ішінде Қызылорда ЖЭО-да бу қазандығының қорғаныс құрылғысы іске қосылып, артық буды атмосфераға тастау қызметі туындады. Кәсіпорынның негізгі қондырғыларында ешқандай ақау орын алған жоқ.


Қазіргі таңда, «KEGOK» АҚ-ы Қызылорда қаласын электрмен жабдықтау үшін электр желісінде кернеулерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.


17 наурыз сағ:00.30 – да Қызылорда ЖЭО-на қарасты барлық қазандықтар іске қосылып, жылу желілерінің гидравликалық және температуралық режимі қалпына келтіруде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<