Қызылордада топтық төбелесте жасөспірім пышақ жарақатын алды

606

0

Қызылордада топтық төбелесте бір жасөспірім пышақ жарақатын алды.


Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдердің арасында жанжал туындап, топтық төбелеске ұласқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері төбелестің жолын кесіп, оқиға орнынан қалалық Полиция басқармасына 14 жасөспірімді жеткізді.


Өкінішке орай, төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.


Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, бас шарасы күзетпен ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалған жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен (бұзақылық, суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған іс-әрекеттер) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Топтық төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 127 бабы 3 бөлігіне (ата-ананың немесе заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеуде міндеттерін орындамауы кәмелетке толмаған адамның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті) сәйкес әкімшілік шара көру мәселесі қарастырылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<