Қызылордалық тұрғын жалға алған затын сатып жіберген

409

0

4 сәуірде Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны одан бір азамат «Sony Playstation 5» қымбат ойын приставкасын жалға алып, кері қайтармағаны туралы арызданған.


Жәбірленуші бірнеше рет онымен байланысуға тырысқанымен, телефонына жауап бермей өшірген.
Жас жігіт алданып, алаяқтың құрбаны болғанын түсінген кезде, ол полицияға хабарласып көмек сұрайды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы шамамен 500 мың теңгені құрады.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Өзі мойындағандай ол жалға алған затты сатып жіберген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.


Қазіргі уақытта бұл факт СДТБТ-де тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<