Нұртөре Жүсіп: «Тарихты түгендеуде баспасөздің ролі ерекше»

754

0

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесерінде «Тарихты түгендеуде баспасөздің рөлі ерекше» деді.


Айта кетсек, бүгін Қызылорда қаласында «Достық» үйінде «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтуде.


«Тарихты түгендеуде баспасөздің ролі ерекше. Бұл ретте бестомдықтың басы-қасында жүрген барша азаматтарға, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаевқа, қолдау танытқан облыс әкімдігіне ризашылығымыз зор», – деді Нұртөре Жүсіп.


Сондай-ақ, аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп және Түркістан облысындағы БАҚ басшылары, қызылордалық қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<