Шиеліде көлде катамараннан құлаған жігіт көз жұмды

876

0

Шиелі ауданында катамараннан Ханқожа көлінде суға құлап кеткен жігіт көз жұмды.


Оқыс оқиға Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм елді мекені тұсындағы Ханқожа көлінде болды. Су айдынында катамаранмен жүрген 1997 жылғы жігіт көлге құлап кеткен.


«Ол жергілікті тұрғындардың күшімен жағаға шығарылды. Ауруханаға барар жолда көз жұмды. Аталған азаматтың ешқандай ішімдік ішпегені анықталды», – деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<